Қызлордада «Қауіпсіз тағам таңда» акциясы өтті
Акция «Выбирай безопасный продукт» в Кызылорде 20.04.2018

«Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК-ның Қызылорда облысы бойынша филиалының мамандарымен «Жайна» сауда үйінде «Қауіпсіз тағам таңда» акциясы ұйымдастырылып өткізілді.

Бүгінгі күні Қызылорда қаласының тұрғындарына сатып алынған тағам өнімдерінің қауіпсіздігі мен сапасын анықтау мүмкіндігі туды.

Филиал мамандарымен ақысыз негізде тағам өнімдерінің жалпы микробтық санын және пестицидтер мен нитрат қалдықтарын анықтауда экспресс-әдістермен зерттеулер жүргізілді.

Сонымен қатар, халық арасында салауатты тамақтану, тағамнан уланудың, жедел ішек инфекцияларының алдын-алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Ұйымдастырушылардың айтуы бойынша осындай акциялар қаланың сауда нысандарында жүйелі түрде жүргізілетін болады.