Алматы филиалы бүкіләлемдік денсаулық сақтау күні қарсаңында жаппай веложарыс өткізді
Алматинский филиал отметил Всемирный день здоровья массовым велопробегом 10.04.2018

ҚР ДСМ ҚДСК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Алматы қаласы бойынша филиалы  «7-сәуір Бүкіләлемдік денсаулық күні» мерекесіне байланысты М.Горький атындағы мәдениет және демалыс саябағында  спорттық веложарыс ұйымдастырды.

Филиал зертханалары мен аудандық бөлімшелерінен 30 –дан аса  маман қатысып, М.Горький атындағы саябақ аумағының бағдары 5 км құрайтын бағытта жүріп өтті.

Алматы қаласы бойынша филиалының директоры  Санат Саптаев, осындай корпоративтік  іс-шаралар мотивацияландырудың маңызды құралы болып табылады сондай-ақ, командыларды біріктірудің  тиімді тәсілдерінің бірі-деп атап өтті.

«Адамдар жақсы сергектік қуатымен және көтереңкі көңіл-күймен жүруі үшін бүгінгі таңда біз жастар мен ересектерді бір мақсатпен біріктірдік. Спорт-бұл денсаулық, күш қуат, жастық пен ұзақ өмір сүрудің басты кепілі. Қызметкерлердің денсаулығына қоса рухани қуаттылғы да нығайады,-деді Санат Қасымұлы.

Веложарыс соңында  барлық қатысушыларды  алғыс хатпен марапаттады.