Сіздерді бірлік, бейбітшілік пен жаңдану мерекесі – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!
Ата-бабаларымыз жыл басы – Наурызды кіршіксіз тазалықпен, ақ ниет шынайы пейілмен қарсы алса, жыл бойы жақсылық жасалады, ауру-сырқау аулақ жүреді деп түсінген. Бұл барша қауым жақсылық пен мейірімділік күтетін, араздасқандар тауласатын, өкпе-реніш кешірілетін күн.
Ғасырлық дәстүрлер қазіргі уақытқа дейін сақталып келгендігі қуантады. Ұлыстың Ұлы күні ұлты, нәсілі, діни көзқарастарына қарамастан еліміздің тұрғындары жаппай көктем жылуына қуанып, бір-бірін құттықтап, үлкен ақ дастарханның басында жиналады.
Бұл күні сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақыт пен береке тілейміз. Ұлыстың Ұлы күні жанұяларыңызға бақ-береке мен жылулық әкелсін!
Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
Құрметпен,
«Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК