Волейбол және шағын футболдан «Ұлттық сараптама орталығы Кубогы 2023» топтық кезеңінің қорытындысы
Итоги группового этапа «Кубка Национального центра экспертизы 2023» по волейболу и мини-футболу 11.09.2023

9 қыркүйекте республиканың бес өңірінде (Алматы, Атырау, Қарағанды, Қостанай және Түркістан) шағын футбол мен волейболдан іріктеу жарыстары өтті, оған 22 филиал мен ҰСО орталық аппараты қатысты.

Барлық командалар жарқын ойын, жеңіске деген ерік-жігер және қатысушылардың жоғары спорттық дайындығын көрсетті.

Мини-футболдан топтық кезеңнің қорытындысы бойынша финалға келесі командалар өтті:

Орталық аппарат, Қостанай, Түркістан облыстарының, Жетісу облысы бойынша филиалдары, сондай-ақ Батыс Қазақстан облысы бойынша Дезинфекция орталығы.

Ойын күнінің қорытындысы бойынша волейболдан финалға Алматы қаласы және Қостанай, Қарағанды, Атырау, Түркістан облыстары бойынша филиалдардың командалары шықты.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиал ережеге сәйкес мини-футбол мен волейболдан өткен жылғы финалдың жеңімпазы ретінде 2023 жылы финалға автоматты түрде өтеді.

Кубок ұтысының финалдық кезеңі ағымдағы жылдың 7 қазанында Өскемен қаласында өтеді.

Сурет галереясы