«Кодекс Алиментариус» комиссиясының саудаға жәрдемдесуге тікелей мандаты жоқ, алайда елдер өздерінің ұлттық нормалары мен ережелерін Кодекс стандарттарына сәйкес қосымша тиімділікті пайдалана алады.
Кодекс құрылған кезде мемлекеттер өздерінің нормалары мен ережелерін халықаралық келісілген стандартқа сәйкестендіру арқылы, сауда жүргізуге кедергілер азайтылып, азық-түлік өнімдерінің мемлекеттер арасында еркін тасымалдауына мүмкіндік туады деп болжанды. Бұл фермерлер мен олардың отбасыларына пайда әкелді, сонымен қатар аштық пен кедейліктің төмендеуіне ықпал етті. Осылайша, Кодекс қызметінің едәуір бөлігі азық-түлік саудасында адал тәжірибені қамтамасыз етуге бағытталды. Әр мемлекет өзінің тағам өнімдеріне қойылатын ұлттық стандарттарын Кодекс стандарттарына сәйкестендірген жағдайда, сауда серіктестеріне бірыңғай құқықтық салада әрекет етуіне мүмкіндік туады.
Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ) тағам қоспаларына, ветеринарлық препараттар, пестицидтердің қалдықтарына, ластаушы қоспаларға, сынамаларды талдау және алу әдістеріне, сондай-ақ гигиеналық тәжірибенің нормалары мен ережелеріне қатысты «Кодекс Алиментариус» комиссиясы әзірлеген стандарттарды, әдістемелік нұсқаулар мен ұсынымдардыарнайы бөліп көрсетті. Бұл Кодекс стандарттарының ғылыми негізделген ретінде қарастырылатындығын және ұлттық шаралар мен нормативтерді бағалайтын эталондар ретінде қабылданатынын көрсетеді.
Негізгі фактілер