Алматы қаласының радиациялық фонының деңгейі
Уровень радиационного фона в городе Алматы 20.05.2016

Жер бетінің радиациялық деңгейі табиғи радионуклидтерден (топырақ құрамындағы) және космостық сәулелерден құралады. Радиациялық сәуле деңгейі мұхит, теңіздерде ен аз көрсетсе, ал Жер қыртыстарында уран, тори кеңінен таралған жерлерде айқындалады. Су көздерімен  және жер бетімен салыстырғанда айырмашылық он еседен артады. Көбінесе  радиациялық сәуле деңгейі тұрғылықты жердің биіктігіне байланысты да артуы мүмкін.

Алматы қаласы Іле Алатауының бөктері теңіз деңгейінен биіктікте орналасқандықтан бұл аймақта құрамында жоғарғы нуклидтер бар гранит жыныстары соның ішінде радий-226 жиі  кездеседі Осыған байланысты Алматы қаласының солтүстігінде шамамен 0,11-0,12 микроЗиверт сағатына (мкЗв/сағ) болса, ал оңтүстігінде 0,13-0,14 мкЗв/сағ көрсетеді. Медеу және Шымбұлақ аймақтарында көрсеткіш 0,18-0,23 мкЗв/сағ дейін барады. Бірақ ол үшін мазасызданудың қажеті жоқ, өйткені жергілікті  табиғи сәуле деңгейі мен  адам ағзасы  бұл жағдайға  бейімделген.

Радиология зертханасының мамандары  Алматы қаласының аумағында  орналасқан  тұрғын жайларға  және   қоғамдық  ғимараттарға  бірнеше жылдардан бері радон мен гамма-сәулелену  деңгейіне зертханалық зерттеулер бойынша  өлшем жүргізіп келеді.   Ал радонға  қатысты  жайды  айтатын болсақ - бұл Радий-226 өнімінің ыдырауынан пайда болатын радиактивті газ, 8 есе ауадан ауыр және жабық бөлмелерде жиналады. Радонның көп деңгейі жертөлелерде, 1-ші қабаттарда шоғырланады. Қоғамдық ғимараттар мен тұрғын жайларда, радон ағынының рауалды шектік тығыздығы қолданып жүрген гигиеналық талаптарға сәйкес 200 Бк/м3 аспауы тиіс. Егер ұзақ уақыт бөлмені желдетпеген жағдайда радон деңгейі қалыпты мөлшерден асып кетуі мүмкін.  Радонның мол көлемде жиналуына бой бермеудің басты жолы, бөлмелерді желдетіп, желдеткіштерді орнату қажет. 

Радиологиялық зертхана қаланың радиологиялық нысандарындағы радиактивті сәуле және рентген аппараттарымен жұмыс істейтін медицина орталықтарына, өндірістік кешендерге, жоғарғы оқу орындары және т.б. салаларға жан-жақты дозиметриялық зертханалық бақылаулар жүргізіліп, әрекеттегі санитарлық  ережелердің талаптарына сәйкес  мұқият қадағаланады. Сондай-ақ, зертхана  қоршаған орта сынамаларына (тағам,су,құрылыс заттары және т.б.) радиобелсенділікке тексеру жүргізеді.