«Атамекен» ҰКП қатысуымен жиын өткізілді
Совещание с участием НПП «Атамекен» 25.04.2016

2016 жылдың 12 сәуірінде «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Астана қаласы бойынша филиалының мамандарымен және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің «Астана қаласы бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті» РММ-мен бірге «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының қатысуымен жиын өткізілді.

Бұл ортақ жиында санитарлық-эпидемиологиялық аудит бойынша мәселелер кеңінен қаралып, талқыланды.

Жиында «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Астана қаласы бойынша филиалы директорының орынбасары Б.К. Ахметов, санитарлық-эпидемиологиялық аудит бойынша маман, сонымен қатар, кәсіпкерлер мен «Астана қаласы бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті» РММ мамандары қатысты. Жиында кәсіпкерлер бұл жаңа қызметке, яғни санитарлық-эпидемиологиялық аудит қызметіне қызығушылық білдірді.